Елбасы Қазан қаласындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты
Елбасы Қазан қаласындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты
207
оқылды
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Татарстан астанасындағы мектепке қарулы шабуыл жасалып, адамдардың қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлады elbasy.kz.
«Қазан қаласының №175 мектебінде болған трагедия салдарынан балалар мен ересек адамдардың опат болғаны туралы қайғылы хабарды күйзеліспен қабылдадым. Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін», – делінген жеделхатта.
Бұған дейін Қазан қаласында белгісіз біреулер мектепте оқушыларға оқ жаудырып, 11 адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.