Видеода суқоймасының қақсып кепкен жағалауы анық көрінеді.
https://youtu.be/PXIIsHXpZ2Y
Тоқтағұл – елдегі электр қуатының шамамен 30 пайызын өндіретін Қырғызстандағы негізгі су электр станциясы. Ауа райы жылы мезгілде суқоймасы толтырылып, жиналған суды күз бен қыста пайдаланады.
Жалпы, Тоқтағұл су қоймасының су жинау көлемі – 19,5 миллиард текше метр.
«Ал, егер су қоры 5,5 миллиард текше метрге дейін азайса («өлі деңгей»), станция электр қуатын өндіре алмайды» делінген Sputnik Қырғызстанда жарияланған видеода.