«Хабар 24» арнасының хабарлауынша, марқұмды туыстары астана маңындағы Қабанбай батыр ауылында жерлемек.
Жас қыздың денесін бір сағат бұрын Тбилисиден анасы алып келген.Оның өліміне 4 адамның қатысы болуы мүмкін. Төртеудің біреуі – қайтыс болған қыздың күйеу баласы. Ол Әсел Айтпаеваны Грузияға жұмыс істеу үшін шақырған.«Әсел өз еркімен көпқабатты үйден секіруі мүмкін емес», – дейді анасы.