Ораза айтты бір-ақ күн тойлау керек пе?

Ораза айтты бір-ақ күн тойлау керек пе?

Ораза айт – жүрекке қуаныш пен мейірім сыйлайтын, адамзат баласын ізгілікке, достық пен бауырластыққа, қанағат пен қайырымдылыққа үндейтін мейрам. Сол күні ел-жұрт үш күн айттайды. Алайда ел арасында «айт бір күн ғана тойланады, айттың екінші күнінен оразадағы қарыз күндерді өтей беруге болатынын» сөз етуде. Осының анық-қанығын исламтанушы Әбдісамат Қасым айтты.

Айт сөзі – мерекелеу, хал сұрасу, бір-бірін қуанту, қуанышқа жиналу, қарымта деген ұғымды білдіреді. Сондықтан жер бетіндегі күллі мұсылман үмбеті айт күндері хал сұрасып, бір-бірін құттықтап, мәре-сәре болады. Ол күні кем дегенде бірнеше үйге кіру керек деген қатып қалған ереже жоқ.  Ораза айт отбасылық мерекеге айналғандықтан, ағайын-туған, жақындарының халін білісуге жақсы мүмкіндік.

Негізі ораза айт бір күн тойланады. Бірақ біздің салтымызда үш күн айттау қалыптасып кеткен. Сол үшін де көпшілік үш күн айттан кейін ғана қарыз күндерін өтеп жатады. Онда тұрған ештеңе жоқ. Артық екі айттау – үлкен өрескел қате емес. Бірақ өзіне қажет санаса, бір күннен кейін шәууәл айының нәпіл оразасы немесе қаза оразасын ұстай беруіне болады.