"РИА Новостидің" жазуынша, Қытайда коронавирустың салдарынан пневмонияға шалдыққандар саны 5974-ке жетті. Оның ішінде, 132 адам қайтыс болған.
Дереккөздің жазуынша, Қытайдың Денсаулық сақтау мәселесі жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлаған.
Комитет осыдан бір күн бұрын ресми түрде 4515 адам ауырып, 106 адам көз жұмғаны хабарлады. Содан соң бір тәулік ішінде коронавирусты тағы 1459 адам жұқтырғаны және 26 адамның өлім тіркелгенін (25 - Хубэй, 1-і - Хенань провинциясында) жариялады. Бір тәулікте ауруханадан 43 адам шыққан.
«28 қаңтар түнгі жағдай бойынша, денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитет 31 провинциядан (аудандар, орталыққа қарайтын қалалардан) коронавирустың жаңа түрінен туындайтын пневмония 5974 адамда тіркелгені жайлы ақпарат алды. Олардың 1239-ы ауыр жағдайда, 132-сі қайтыс болды, 103 адам ауруханадан шығарылды» делінген ресми жарияланған мәліметте.
Айта кетейік, коронавирустың өршуіне байланысты 59 990 адамның денсаулығын дәрігерлер қадағалап отыр.