Шопан өзіне сеніп тапсырылған 155 қойды сатып жіберген

Шопан өзіне сеніп тапсырылған 155 қойды сатып жіберген

Келес полициясына Жетісай ауданы тұрғыны арызданды.

Ол арызында 2018 жылдан бері Келес ауданы Бірлік ауылдық округіне қарасты жайылымда орналасқан қорасындағы қойларын Жетісай ауданының тұрғынына сеніп тапсырғанын жазған.

Былтыр қараша айы мен биыл қаңтар айы аралығында мал басын түгелдеп, екпе салдыруға келген. Сол кезде әрқайсысы 40 000 теңге болатын 155 бас саулық қойы жоқ екенін көреді.

Жәбірленушіге келген материалдық шығын көлемі 6 миллион теңгеден асады. Күдікті ұсталды.

Ол 3 ай бойы күніне 3-4 қойдан сатып отырған. Ақшасын өз қажетіне жұмсаған. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Тергеу басталды.