Алдағы күндері елімізде аяз басталады. Жаңа жер аудандарынан Қазақстан аумағына суық антициклон жылжып келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес.
14 қаңтарда солтүстік, 15 қаңтарда шығыс өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы 30-38 градус аязға дейін төмендейді. Қатты аязға қарамастан, антициклонның жылдам жылжуы желдің күшеюіне себеп болады: елдің солтүстік жартысында кейбір аудандарда жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.