Шығыс Қазақстаннан Алматыға келіп, пәтер тонаған ұрылар ұсталды
Шығыс Қазақстаннан Алматыға келіп, пәтер тонаған ұрылар ұсталды
149
оқылды

Алматыға ұрлықпен айналысуға келген 25 және 32 жастағы екі ер адам ұсталды. Бұл туралы polisia.kz жазды.

Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Руслан Смағұлов: «Бұрын сотталған екі азамат та қаланың жоғары бөлігінде пәтер ұрлығымен айналысқан. Олар пәтердің есігін кілт таңдау арқылы ашып, тек құнды заттарды ұрлады. Ақша мен қымбат зергерлік бұйымдарды ұрлаған. К. және А. есімді күдіктілер ұсталды. Тергеу басталды», – деді.

Бұған дейін  көліктерді ұрлап, бункерге жасырған ұры ұсталғанын жазған болатынбыз.