"Мен 20 адамды өлтірмек болдым": Қазандағы мектепте оқушыларға оқ жаудырған жігіттен жауап алынды
"Мен 20 адамды өлтірмек болдым": Қазандағы мектепте оқушыларға оқ жаудырған жігіттен жауап алынды
244
оқылды
Life-shot Telegram-каналы 11 мамырда Қазан қаласындағы мектепке басып кіріп, оқушыларға оқ жаудырған  Ильназ Галявиевтің жауап алу сәтінде айтқан сөздерін жариялады. 
“Басында мен 20 адамды өлтірмек болдым. Кейін мүмкіндігім жеткенше өлтіре беремін деп ойладым. Мен құдаймын. Бәрі - менің құлдарым, "биоқоқыс" болып есептеледі. Олар менің қалауымды істеуі тиіс, олардың әрқайсысы 10-нан астам адамды және өзін өлтіргенін қалаймын… Мен жалғыз болдым.  Бұны адамдарға олардың бәрі менің құлдарым екенін көрсету үшін істедім", – деді Ильназ Галявиев.
Бұған дейін Ильназ Галявиев оқыған колледжде оқыған тағы бір студент өзін құдай деп атап, атып тастағанын хабарлаған болатынбыз.