«Жақсы оқыған, тәртіпті»: мектеп директоры оқушыларға оқ жаудырған Ильназ Галявиев туралы пікір білдірді
«Жақсы оқыған, тәртіпті»: мектеп директоры оқушыларға оқ жаудырған Ильназ Галявиев туралы пікір білдірді
280
оқылды
Қазанда №175 мектепте атыс шығарған Ильназ Галявиевті мұғалімдері жақсы оқыған, тәртіпті оқушы ретінде сипаттады. РИА Новости ақпаратына сәйкес, мектеп директоры Әмина Валеева оқушыға қатысты ерекше шағым болмағанын айтқан. "Мектепті 2016 жылы бітірген. Сол кезде жеке күзет кәсіпорны болған. Бұл жағдайға мектептің қатысы жоқ. Ол 9-сыныпқа дейін оқып, кейін колледжге түсті... Оны сынып жетекшісі де, мұғалімдері де байсалды, жақсы оқушы ретінде сипаттаған, ерекше шағым болған жоқ", – деді Валеева. 11 мамырда Қазан қаласындағы мектепке басып кіріп, оқушыларға оқ жаудырған  Ильназ Галявиев туралы осыған дейін жазған болатынбыз.