Қазандағы мектепте оққа ұшқан мұғалімнің оқушыларға айтқан соңғы сөздері белгілі болды
Қазандағы мектепте оққа ұшқан мұғалімнің оқушыларға айтқан соңғы сөздері белгілі болды
284
оқылды

Қазандағы атыс кезінде оқушыны қорғау үшін денесімен қалқалап қаза тапқан ағылшын тілінің мұғалімі Эльвира Игнатьева балалармен қоштасып қана үлгерген. Бұл туралы оның жаназасына келген адамдар айтты, - деп жазады therussiantimes.com.

"Балалар, қош болыңдар!" депті. Бірінші оқ оның басына тиген. Қанішер ары қарай балаларды ата берген", — деді порталға хабарлаушы.

25 жастағы мұғалімнің әріптестері мен туыстары оның Ресейде өтіп жатқан "Жыл мұғалімі" байқауында екінші орын алуы мүмкін екенін айтты. Айтуларынша, марқұмның дайындығы жақсы болған.

Оқушылары да оның әділ, мейірімді болғанын айтады.  Директордың алдында оқушыларды әрқашан қорғаған.

Мектептегі атысты естіген Эльвира Игнатьева кабинетінен жүгіріп шығып, бір оқушыны артына тығып қорғамақ болғанда өзі оққа ұшқан. Бұған дейін Қазандағы мектепте оққа ұшқан мұғалімнің соңғы жазбалары туралы жазған болатынбыз.