Қазақстанда мектептерге мамандандырылған күзет қойылады
Қазақстанда мектептерге мамандандырылған күзет қойылады
431
оқылды

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашевтің айтуынша, жаңа қаулы 6 мамырда қабылданды.

«Қазандағы оқиғадан кейін министрлікте ішкі істер органдарының басшылығымен шұғыл кеңес өткіздік. Бұдан былай, білім беру ұйымдарында күзет күшейтіледі. Мамыр айының басында Үкімет қаулысымен мектептерді терроризм, қауіп-қатерден қорғау үшін жаңа талаптар бекітілді. Қаулы 6 мамырда қабылданды. Енді білім беру нысандары міндетті түрде: бақылау жүйелері; персонал мен келушілерді хабардар ету құралдары; дабыл "түймелері», мамандандырылған күзет, рұқсат беру жүйелерімен жабдықталады», – деді Мұрат Баймұқашев.

Бұған ірі қалаларда мамандандырылған жеке күзет ұйымдары жұмылдырылады. Бүгінде Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы мектеп басшылары күзет фирмаларымен шарт жасасқан. Олар 408 мектепті күзетеді.

Бұған дейін Қазан қаласындағы оқиғаның мән-жайын жазған болатынбыз.