Energyprom мәлімдеуінше, құрылыс материалдары бір жыл ішінде айтарлықтай қымбаттаған. Сондықтан да қазақстандықтар үшін биыл жөндеу жұмыстары қымбатқа түспек. Өйткені, сарапшылар сәуір айының қорытындысы бойынша, өндіруші кәсіпорындардың құрылыс материалдары 21,4 пайызға қымбаттағанын айтып отыр.
Еліміздегі өңірлер арасында құрылыс материалдарының қымбаттауы жағынан Шымкент пен Павлодар облысы алдыңғы қатарда тұр. Ол жақтағы өсім былтырмен салыстырғанда 4,2 пайызға жеткен. Ең төменгі пайыз Маңғыстау облысында - 18,6.
- Жыл басынан бері арматураның бағасы 30-40 пайызға көтерілді. Одан кейін қызыл кірпішті былтыр 33 теңгеден алсақ, биылға 56-57 теңгеден түсіп отыр. Мәселен, Түркістанда қызыл кірпіш өте аз өндіріледі. Бары құрылыс нормативіне сай келе бермейді. Яғни, сапасы күмәнді. Бұл, түптеп келгенде, құрылыстың мерзімінен кешігуіне, тұрғын үй бағасының 30-40 пайызға дейін қымбаттауына әкеп соқты, - дейді құрылыс компаниясының басшысы Арман Сейітов.