Қазақстандық файтер қарсыласын екі минутта нокаутқа түсіріп, Fury FC чемпионы атанды
Қазақстандық файтер қарсыласын екі минутта нокаутқа түсіріп, Fury FC чемпионы атанды
179
оқылды
Жартылай орта салмақтағы қазақстандық файтер Николай Веретенников (9-3) Хьюстондағы Fury FC 46 турнирінде қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсіріп, Fury FC промоушенінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz. Веретенниковтың қарсыласы 31 жастағы америкалық Энтони Айви (8-5) болды. Бірінші раундтың екінші минутында қазақстандық қарсыласын тізеге салғаннан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. https://www.youtube.com/watch?v=t74HV4JtFjU Кездесуді UFC президенті Дана Уайт та тамашалады. Ол Николайды жеке құттықтады. Бұл жарыста өнер көрсететін спортшылар UFC промоушенінде жұдырықтасу мүмкіндігіне жете алады.  width=