Қазақстандық файтер қарсыласын екі минутта нокаутқа түсіріп, Fury FC чемпионы атанды

Қазақстандық файтер қарсыласын екі минутта нокаутқа түсіріп, Fury FC чемпионы атанды

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық файтер Николай Веретенников (9-3) Хьюстондағы Fury FC 46 турнирінде қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсіріп, Fury FC промоушенінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz. Веретенниковтың қарсыласы 31 жастағы америкалық Энтони Айви (8-5) болды. Бірінші раундтың екінші минутында қазақстандық қарсыласын тізеге салғаннан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. https://www.youtube.com/watch?v=t74HV4JtFjU Кездесуді UFC президенті Дана Уайт та тамашалады. Ол Николайды жеке құттықтады. Бұл жарыста өнер көрсететін спортшылар UFC промоушенінде жұдырықтасу мүмкіндігіне жете алады.