Астанада коттедж өртенді – видео
Астанада коттедж өртенді – видео
5,157
оқылды

Коттедждің шатыры өртеніп, 2 адам құтқарылды. Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Ақыртас көшесінің бойындағы үй өртенді. Өрт туралы хабарлама бүгін сағат 11:42-де түскен.

Оқиға орнына жеткен мамандар екі қабатты коттедждің шатыры өртеніп жатқанын, екінші қабат жатақхана болғандығын, сонымен қатар ғимаратқа жапсарлас дүкен мен дәмхана салынғанын анықтады. Өртті сағат 12:22-де сөндірді.

«Өртті сөндіруге 18 маман және 4 техника жұмылдырылды. Қызыл жалын 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртеніп жатқан үйден ер адам мен әйел құтқарылды. Өрт сөндірушілер үйден 7 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарылды», – деді құтқарушылар.

https://youtu.be/0FDC9vUpyZg Видео: inform.kz