Жол картасының орындалуы жіті бақыланады
Жол картасының орындалуы жіті бақыланады
354
оқылды

Атап өту керек, Жол картасындағы әрбір индикаторлық көрсеткіш пен іс-шараның өз деңгейінде жүзеге асырылуы бойынша фракция мүшелерінен бөлек, жауапты мемлекеттік органдар, облыс әкімдігінің салалық басқарма басшыларының жауапкершілігі қарастырылса, партия филиалы жанынан 12 аймақтық қоғамдық кеңестер құрылды.

Бұл кеңестер Партия Лидерінің алға қойған міндеттерін ескере отырып, өңірде партияның сайлауалды уәделерінің орындалуына жүйелі бақылау, бюджет қаражатының тиімді және ашық жұмсалуына мониторинг жасауды қамтамасыз етеді. Оларға өңірлік дамуды жетілдіру бойынша тұжырымдамалық ұсыныстарды, нақты практикалық шешімдерді әзірлеу үшін диалог алаңына айналып, сарапшылар қауымдастығын өзекті әлеуметтік мәселелерді ашық талқылауға тарту, сондай-ақ азаматтық бастамаларға қолдау көрсету міндеттері жүктеліп отыр.  Осы орайда, Сайлауалды бағдарламаның жүйелі орындалуына жауапты облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы ретінде бірқатар атқарылған нәтижелі жұмыстармен бөлісіп өтуді жөн санадым. Атап айтсақ, биылғы жылға облыстық Жол картаның 125 іс-шарасын орындау жоспарланған. І тоқсан қорытындысы бойынша оның 7-еуі орындалды, 115-і орындалу үстінде. Соның ішінде 15 шара  білім бағытын қамтиды. Мәселен, сайлауалды бағдарламаның «Жайлы аймақ» бағытында жоғарыда атап өткен 11 іс-шара білім сапасын жақсартуға бағытталып отыр. Соның ішінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылуын алдағы 5 жылда 81 пайызға дейін, ал биыл 79%-ға дейін арттыру жоспарланған еді. Қазіргі таңда облыс бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда 58219 бала тәрбиеленіп, 1-6 жастағы балалардың қамтылуы 85,3%-ды құрады. Сондай-ақ, алдағы 5 жылда балаларды инклюзивті біліммен қамтуды 100%-ға, ал биыл 80 пайызға жеткізу көзделсе, бүгінгі күні  облысымызда 253 орта білім беру ұйымында инклюзивті білім беруге жағдай 86%-ға жетті. Қазіргі уақытта қаламыздағы Оқушылар үйінен толық жабдықталған инклюзивті кабинеттің ашылуына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Сайлауалды бағдарламада жаңа мектептердің құрылысын жүргізу мәселесі де назардан тыс қалмады. 19 мамыр күні іс-сапармен Арал ауданында болып, Б.Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназиясы жанынан салынғалы тұрған қосымша құрылыс жұмыстарының мән-жайын көріп, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстым. Алдағы уақытта білім мен ғылым саласындағы өзекті мәселелердің күрмеуінің шешілуі жолында қарқынды жұмыстар өз жалғасын табады.

Гүлнар ЕСҚАЛИЕВА, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы