Ресейде оқушы мұғалімді пышақпен жарақаттады
Ресейде оқушы мұғалімді пышақпен жарақаттады
245
оқылды
Ресейдің Перм облысында оқушы өзіне нашар баға қойған мұғалімді пышақпен жарақаттады, деп хабарлады Life shot телеграм-каналы. Оқиға Березники қаласында физика сабағында болды. Оныншы сынып оқушысы мен мұғалім сөзге келіп қалған.  16 жастағы Роман Долбеев пышақ алып шығып, 74 жастағы мұғалім Людмила Ишменеваның екі рет мойнына, бір рет кеуде тұсына пышақ салған. Оқушы қашып кетуге тырысқан жоқ, ұсталды. Мұғалім ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ деп хабарлады. Оқушы пышақты мектепте сөмкесіне салып, жасырын алып келген. Алдын ала болжам бойынша, Роман Долбеев физика мұғаліміне өзіне нашар баға қойғаны үшін қастандық жасаған. https://www.youtube.com/watch?v=MqVfilWTrGc