Италияда аспалы жол үзіліп кетіп, салдарынан 12 адам көз жұмған
Италияда аспалы жол үзіліп кетіп, салдарынан 12 адам көз жұмған
301
оқылды
Италияның солтүстігінде (Пьемонт аймағы) аспалы жолдың арқаны үзіліп кетіп, вагонша жерге құлаған. Салдарынан 12 адам қаза тапты, екі бала ауыр жарақат алған, деп хабарлады inform.kz. Иль Мессаггеро газетінің жазуынша, кем дегенде, 11 адамнан тұратын бір кабина арқанның үзілуі салдарынан құлаған. Ауыр халдегі балалар Туриндегі ауруханаға жеткізілген. Оқыс оқиға таңертең Мажоре көлін 1,5 мың метр биіктікпен жалғайтын маршрутта болды, қазіргі уақытта келеңсіз жағдайдың себеп-салдары анықталуда.
«Пандемияға байланысты қысқы маусымда жабық болған таулы курорттағы бұл көтергіштер осы жексенбіде ғана іске қосылған еді», - деп жазады басылым.