Президент оппозиционер мінген ұшақты қондырды
Президент оппозиционер мінген ұшақты қондырды
147
оқылды

Минск қаласында бор­тында Nexta Telegram ар­насының негізін қалаған оп­позиционер Роман Про­тасевич отырған Ryanair әуе­­­компаниясының ұшағын қон­­­­­дыру туралы бұйрықты Бе­­ларусь  президенті Алек­сан­др Лукашенко берген. Бұл туралы Лукашенконың бас­пасөз қызметіне байланысы бар «Пул Первого» Telegram арнасы мәлімдеді.

Афинадан Вильнюске ұшып бара жатқан ұшақты қондыр­ғаннан кейін «Пул Первого» арнасы «Беларусь Еуропаны қорғады» деген тақырыппен жазба жариялапты. «Ұшақта жарылғыш зат бар деген мәлімет түсті. Маршрут скриншотында борт шекараға жақын қалғаны көрінсе де, ұшақ­ты қондыру туралы өтініш Минскіге түсті. Жағдай пре­зидентке баяндалды. Лукашенко дереу ұшақты қайтарып, қондыру жайлы бұйрық берді. Бұл жағ­дайда ең бастысы – қауіп­сіздік және адамдардың өмірі. Виль­нюске жүгінуге болар еді. Бірақ дәл Минскіге жүгінген. Осылай диктатордың көмегі қажет болып қалған! Саяси жағдай қандай болса да, Беларусь қиын жағдайда бас тартатын ел емес. Оның үстіне мұнда адамдардың өмірі қыл үстінде тұрды» делінген жазбада. Сонымен қатар Лукашенко жолаушылар ұшағын қондыру үшін МиГ-29 жойғышын әуеге көтеру туралы бұйрық бергені айтылды. Ал әуежай «ұшаққа бомба қойылды» деген хабардан кейін ұшақ қондырылғанын жария еткен. Бірақ көп өтпей бұл ақ­парат расталмады. Ал ұшақ бор­тында журналист, Nexta Telegram арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич болған. Nexta 2020 жылғы тамызда Беларусьтегі пре­зидент­тік сайлаудың нәтижелері жа­рияланғаннан кейін жаппай наразылық кезінде оппо­зиция­ның негізгі алаңдарының біріне айналды. Арнаны Беларусь билігі экс­тремистік деп танып, оның не­гізін қалаушылар Степан Путило мен Роман Протасевичті терро­ризмге қатысы бар жеке тұл­ға­лардың тізіміне енгізді. Алдын ала дерек бойынша, Беларусьте Протасевичке өлім жазасы төніп тұрғаны айтылды.

Мадияр ТӨЛЕУ