Үндістанда коронавирус кесірінен үйлену тойын жерде өткізе алмаған. Бірақ шектеулерді айналып өтудің амалын тапқан. Екі жас некесін ұшақтың ішінде қидырған.
Жас жұбайлар тойға арнайы ұшақ жалдаған. Неке қию рәсіміне 160-тан аса қонақ қатысқан. Сақтық шаралары сақталмаған.
[caption id="attachment_140403" align="aligncenter" width="1024"] Фото. Видеодан скриншот[/caption]
Оқиғаның жай-жапсарын Үндістанның Авиация басқармасы тексеріп жатыр.
Әуе компаниясының сол күні кезекшілік еткен қызметкерлері жұмысынан уақытша шеттетілді.
https://youtu.be/0BRK__eyYvM
Үндістанда коронавируспен қатар мукормикоз да өршіп тұр.