Кішкентай қыз басын темір қоршаудан кері шығара алмай қалды

Кішкентай қыз басын темір қоршаудан кері шығара алмай қалды

Кептеліп қалған басын кері шығара алмаған. Ересектер де қызға көмектесе алмағандықтан, құтқарушыларды шақырды.

Құтқарушылар гидравликалық құралмен темір қоршауды кесіп, қызды құтқарды.

Қарағанды облысы ТЖД №15 өрт сөндіру бөлімінің мамандары темір шарбақты кесіп, баланы алып шықты.

Баланы аман-есен ата-анасына табыстады.

Бұған дейін басына кастрюль кептеліп қалған бала туралы жазған болатынбыз.