QazVac және "Спутник V" алғандар қажылыққа кіргізілмейді: кімдерге рұқсат берілді?
QazVac және "Спутник V" алғандар қажылыққа кіргізілмейді: кімдерге рұқсат берілді?
203
оқылды

Сауд Арабиясына Pfizer-Biotech, AstraZeneca, Johnson&Johnson және Moderna вакциналарын алған азаматтар кіре алады. Сауд Арабиясы Корольдігінің Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы қажылық маусымына дайындық шеңберіндегі арнайы талаптарды жариялады.

«Қажылық-2021» маусымындағы негізгі талаптар: - Биылғы қажылық маусымындағы қажылар саны 60 мың адамға белгіленген. - Қажылық жасауға 18-60 жастар аралығындағы азаматтар өтініш бере алады. - Сауд Арабиясында ресми бекітілген вакцина түрлерінің (Pfizer-BioNTech, AstraZeneca, Johnson&Johnson және Moderna) екі дозасын қабылдау қажылардан талап етіледі. Екінші дозаны Корольдікке барардан 14 тәулік бұрын қабылдауға тиіс. - Шет елдерден келген кісілерге қажылық құлшылығына қатысы жоқ өзге аймақтарға баруға тыйым салынады. Сонымен бірге әр қажы жоғарыда аталған вакциналардың бірін қабылдағаны туралы өз елінің құзыретті органдарынан анықтама алуы және оны Сауд Арабиясының шет мемлекеттердегі елшіліктерінде заңдастыруы керек. Бұған қосымша әр қажыдан Корольдікке келген кезде 72 сағатқа жарамды теріс нәтижелі ПТР-тест анықтамасын да көрсету талап етіледі. "Қажылар Мекке аймағында бір орыннан екінші орынға көшкен уақытта барлық денсаулық сақтау шараларын қатаң сақтауға тиіс. Сондай-ақ бекітілген ережелерге толық бағынуы қажет. Алайда «Қажылық-2021» маусымында қандай мемлекеттен қанша адам шақырылатыны жайлы жаңалықты Саудия билігі әзірге таратпай отыр. Қажылық маусымына қатысты жаңа ақпараттар мен қосымша талаптар болған жағдайда қосымша хабарланады", - делінген Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы таратқан хабарламада.