Қытайдағы коронавирус: Он күннен соң қарқыны қайтады
Қытайдағы коронавирус: Он күннен соң қарқыны қайтады
Фото: Интернеттен алынды
414
оқылды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус Бейжіңде ҚХР басшылығымен кездесу барысында Қытайдың жаңа коронавирус инфекциясының таралуын тежейтініне сенім артты. Тедрос Аданом Гебрейесустың айтуынша, Қытай үкіметі эпидемия кезінде уақытылы және тиімді шешім қабылдаған.
«Бұл шаралар тиімділігін көрсететіне және Қытай осы эпидемияны жеңетініне сенімдімін», – деді ол.
Коронавирустың ошағы – Хубэй провинциясына Қытайдың түрлі қалаларынан алты мың медицина қызметкері жіберілген. Ухань қаласында «10+10» жүйесі қолданылып жатыр. Ол бойынша, ірі он аурухана жоғары білікті қызметкерлерін, технологиялары мен жабдықтарын шағын он медициналық мекемеге береді. Ал, шағын медициналық мекемелер ғимараттарын беріп, жататын орындар әзірлейді. Уханьда вирустық инфекция жұқтырған науқастарды қабылдау үшін екі ірі мамандандырылған аурухана салынып жатыр. Ол 2300 орынға арналған. Қаладағы барлық арнайы емханалар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Қабылданған және қаралған науқастар саны күніне он мың адамнан асады.
Осы дертке байланысты дүниежүзіне 2003 жылы өршіген атипиялық пневмониямен күреске үлес қосу арқылы танымал болған ҚХР Инженерлік академиясының академигі Чжун Наньшань «Синьхуа» агенттігіне берген сұқбатында «Эпидемия он күннен кейін шегіне жетіп, ары қарай жаппай таралу қарқыны бәсеңдейтінін» жеткізді.
Бұған дейін Қытайда коронавирус жұқтырған 5 974 адамның 132-сі көз жұмған.