Түркістан облысында жоғалған 7 туристің неге 3-еуі ғана табылғаны белгілі болды
Түркістан облысында жоғалған 7 туристің неге 3-еуі ғана табылғаны белгілі болды
307
оқылды
21 мамырда жоғалған 7 туристің неге 3-еуі ғана табылғаны белгілі болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлағандай, туристердің екі топқа бөлінуіне байланысты әзірге жоғалған үш жігіт қана табылды.
"Олар екі топқа бөлінген. Бір тобы табылды, екіншісі топта төрт адам бар. Оларды іздеу жалғасуда", - деді ол.
Төлеби өңіріндегі Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жеті адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама 112 басқару пультіне 2021 жылы 25 мамырда сағат 18.30-да түсті. 21 мамырда туристер Сары-Айғыр шатқалына жаяу барып, 24 мамырда оралуы керек болатын. Бұған дейін құтқарушылар Түркістан облысында тауда жоғалып кеткен жеті жігіттің үшеуін тапқанын жазған болатынбыз.