Ақылды камера адам аңди ма?
Ақылды камера адам аңди ма?
666
оқылды
Еуроодақ бет-әлпетті тану жүйесін қоғамдық орында қол­дануға бес жылға дейін тыйым салуды көздеп отыр. Кәрі құр­лық алдымен бұл технологияның қандай да бір зияны бар-жо­ғын анықтап алмақ. Ал Қытайда ақылды ка­мералар арқылы аза­маттардың жүріс-тұрысын қа­да­ғалау қалыпты жағдайға ай­налған. Қазақстан қай жол­ды таңдайды? Бірден айтайық, мұндай тех­но­логияның қауіпсіздік саласында кө­мегі көп. Алайда кей сарапшылар адамның келбетін жазбай та­ни­­­­тын камералар орнатуды азамат­тар­дың бостандығын шектеу деп есептейді. Халықты жаппай ба­қылау әрекеті адам құқығын бұзу, жеке деректерді жариялау, жеке өмірге қол сұғу сынды ке­лең­сіз­дікке әкеп соғуы ықтимал. Кейінгі кезде бірқатар мем­ле­кетте жасанды интеллектіні қол­дану мәселесін реттейтін заңдар қа­былданған. Мәселен, былтыр ма­мыр айында АҚШ-тың Сан-Фран­циско қаласында полиция мен күштік құрылымдарға бет-әл­петті тану бағдарламасын пай­да­лануға тыйым салынды. Бір ай­дан кейін бұл үрдісті Сомервилл (Массачусетс штаты) мен Окленд (Калифорния штаты) қалалары жал­ғастырды. Жекелеген штат­тар­ды былай қойып, жақын арада федералды заң шығуы әбден мүм­кін. Facebook әлеуметтік желісі де адам жүзін автоматты түрде та­­нитын функциясын өшіріп тас­­тауға мәжбүр болды. Америка со­­ты «компания қолданушының ке­­лісімінсіз биометриялық дерек­тер­ді жинады және сақтады» деген үкім кесті. Батыс әлемі ақылды каме­ра­лар­дан қауіптеніп, жақ-жақты та­ра­зылап жатса, Қазақстанда әң­гіменің әуені басқаша сияқты. Был­тыр 8 қазанда Нұр-Сұлтан қа­ла­сын дамытуға арналған жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың цифрландыру қыз­ме­ті ақсап тұрғанын сынады. Елор­да көшелеріне орнатылған «Сер­гек» камераларын «айыппұл жи­­­­­наумен ғана шектеледі» деп сөкті. Мемлекет басшысы адам­ның түр-тұлғасын жаңылмай та­ни­тын қытайлық Нikvision ком­паниясының бақылау каме­ра­ла­рын мақтап, Үкіметке осы ба­ғытта жұмыс істеуді тапсырды.

– Олардың техникасы жақсы да­мыған. Негізгі қалаларды цифр­лан­дырды. Өте жақсы цифрлан­дыр­ған. Қалай жасағанын түсін­дір­мей-ақ қояйын. Экранды түртіп қал­саң, адам жайлы бар ақпарат шы­ғады. Қай жылы институт бі­тір­ді, бос уақытында қайда барады, қан­дай кредиті бар, бәрі шығады. Бізге осы бағытқа жүру керек. Бұл – әлемдік тенденция, – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Елімізде бет-әлпетті тану жүйе­сі әзірленіп жатқанын басқа да шенеуніктер талай мәлімдеді. Айта кету керек, Нikvision ком­паниясына АҚШ экономи­ка­лық санкция салған. Американың қаржы министрлігі бұл компания Қытайдың ұйғырларға, қазақтарға және басқа да этникалық азшылық топтарға қарсы репрессия науқа­ны­на, жаппай ұстауға және оларды жаңа технологиялармен аңдуға ат­салысқан деп санайды. Адам құ­қығын қорғаумен айналысатын Human Rights Watch ұйымы да осыған ұқсас мәлімдеме жаса­ған. Мұның бәрін неге жіпке ті­­зіп отырмыз? Өйткені дәл осы Hikvision компаниясы Қа­зақ­стан қалаларын бірнеше жыл­дан бері бейнебақылау ка­ме­ра­лары­мен қамтамасыз етіп келеді. Мысалы, былтыр қазан айынан бас­тап қоғамдық көлікпен жү­ре­тін елорда тұрғындары Face­Pay компаниясына тіркеліп, жо­лақы­ны бет-жүзін көрсету арқылы тө­лей алатын болды. Міне, бұл технологияны да Hikvision ком­паниясы дайындаған. Ал атақты «Сергекті» құрастыруға АҚШ-тың санкциясына ұшыраған Dahua Technology компаниясының жаб­дықтары қолданылады. Енді Батыс пен Шығысты шиыр­лай бермей, солтүстікке қа­райық. Былтыр ресейлік заң­гер Алена Попова бет-әлпетті анық­тайтын технологияны нара­зыларды қудалау мақсатында заң­сыз пайдаланды деп билікті сотқа бер­ді. Оның ойынша, ақылды ка­мера азаматтардың құқығын өрескел бұзып, пікір еркіндігін шектейді екен. Мәселе былай ғой. Алена Попова 2018 жылғы сәуірде Ресей думасы ғимаратының ал­дын­да бір депутатқа қарсы жалғыз адамдық пикетке шыққан. Сол үшін сотқа тартылған. Сот оты­ры­сында айыптаушы тарап оның көшедегі бейнебақылау каме­ра­сына түскен суретін 32 есе ұлғай­тып көрсеткен. Поповаға 20 мың рубль айыппұл салынған. Бұл әң­гіме Путиннің де құлағына жеткен деседі. Бірақ жабулы қазақ жабулы күйінде қалды. Еуроодақ пен АҚШ осындай ол­қылықтар болмасын деп жа­сан­ды интеллект мәселесін заң­мен реттеуге тырысуда. Бірақ ша­мадан тыс реттеу инновацияны да­мытуға, қоғам өміріне енгізуге ке­дергі келтірмеуі керек. Себебі ақыл­ды камера – қылмыскерлерді, тың­шыларды, лаңкестерді ұс­тауға таптырмайтын құрал. Қыс­қа­сы, екі оттың ортасы деген – ­осы. Таразының бір басында – қауіп­сіздік, екінші басында – адам құқығы. Сондықтан өгіз­­ді өлтірмейтін, арбаны сын­дыр­май­тын, екі жаққа да тиімді орта жол­ды табуға тиіспіз.    width=Еркебұлан НҰРЕКЕШ