Ұлттық тестілеу орталығының басшысы қызметінен неге кетті?
Ұлттық тестілеу орталығының басшысы қызметінен неге кетті?
545
оқылды
«Ұлттық тестілеу орталығының директоры қызметінен өз еркіммен кету туралы шешім қабылдадым. 7 жыл бойы мен мемлекетке қызмет еттім. Өзімді басқа салаларда сынап көрудің уақыты келді. Достар, қолдауларыңызға өте ризамын, соның арқасында көп нәрсе атқарылды. Айтылған сынға қарамастан, маған зор сенім білдірген Білім және ғылым министріне бөлек алғыс айтамын! Мен өзімнің барлық білімім мен қабілетімді халыққа адал қызмет етуге және сізді ұятқа қалдырмау үшін орталықтың игілігіне бағыттауға тырыстым. Білім беру саласындағы ұсынылған басқа да жауапты басшылық лауазымдарға ерекше ризамын. Бірақ, мен қызмет саласын сәл өзгерту керек деп шештім», – деп жазды Дидар Смағұлов.

Бұған дейін министр ҰБТ-ны тапсырудың талабы туралы айтқан болатын.