Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды бүгінгі Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды.
«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Еліміздің жас буын өкілдерінің балалық шағы бақытты өтіп, дені сау, жан-жақты азамат болып өсуіне жағдай жасау – стратегиялық маңызы бар міндет. Бұл – Қазақстанның жарқын болашағының кепілі» - деп жазды Президент.