Шарындағы сел: оқиғаға байланысты 2 қылмыстық іс қозғалды

Шарындағы сел: оқиғаға байланысты 2 қылмыстық іс қозғалды

Полиция оқиғадан соң тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаменті хабарлады.

«Екі бап бойынша: 306-баптың 3-бөлігі «Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер» және 141-баптың 2-бөлігі «Абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет» бойынша тергеу басталды», – деді полицей.

Бұған дейін Шарын шатқалында оқушыны құтқарып, қайтыс болған мұғалім туралы жазған болатынбыз.