69 миллион теңге тұратын тауарды шекарадан заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды
69 миллион теңге тұратын тауарды шекарадан заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды
Фото: Интернеттен алынды
483
оқылды
Алматы облысы бойынша МКД «Алтынкөл-жол» кеден бекетінде ЕАЭО аймағында тыйым салынған 69 миллион теңгеге бағаланған контрабандалық тауар мен дәрі-дәрмекті тәркіленді, – деп жазады Tengrinews.kz.  2020 жылы қаңтарда Алматы облысы бойынша МКД «Алтынкөл-жол» кеден бекетінің қызметкерлері мен ҚР ҚМ МКД орталығы Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірге кеден бақылауын жүзеге асыру барысында ҚХР-дан Қырғызстан Республикасының кәсіпкеріне алып бара жатқан контрабандалық тауарлар партиясы анықталып, тәркіленді.  Теміржол контейнеріндегі тауар партиясын кедендік тексеру мен өлшеуден кейін халықтың қолдануына арналған, декларацияланбаған 22174,5 келі тауар анықталды.
Оның ішінде, ЕАЭО аймағында тыйым салынған, синтетикалық жіптен жасалған балық аулау ауы бар, оның салмағы – 6 тонна 44 келі. Сондай-ақ 389 келі болатын түрлі дәрі-дәрмек табылды.  Ұсталған тауарлардың кедендік бағасы – 69 459 462,79 теңге.
Кедендік төлем мен салық сомасы – 16 516 970 теңге. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.