Найзағай түсіп, гараж бен көлік жанып кетті
Найзағай түсіп, гараж бен көлік жанып кетті
244
оқылды

Гараждағы автокөліктің түгі қалмай өртеніп кетті. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға түнгі сағат 04.30-да Ақжайық ауданы Мерген ауылында болды.

М.Әуезов көшесі 25/2-мекенжайында орналасқан үйдің ауласында гараж отқа оранды. «ВАЗ-2108» автокөлігі жанып кетті. Өрт 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті сағат 05.46-да сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.