Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мәліметінше, елімізде бизнесті қолдауға арналған республикалық деңгейдегі 20-дан астам мемлекеттік жоба іске асырылып жатыр.
"Атап айтқанда, "Бизнестің жол картасы-2025", индустриялық-инновациялық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы, "Еңбек", "Нұрлы жол", Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы. Олардың әрқайсысының өз міндеттері мен нысаналы индикаторлары бар. Кейбіреулер мемлекеттік тапсырмалар мен мемлекеттік тапсырыстар арқылы бизнеске жанама қолдау көрсете алады", – деп түсіндірді Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығында.
Сонымен бірге квазимемлекеттік құрылымдар мен әкімдіктер тарапынан көрсетілетін қолдау бағдарламаларын "мемлекеттік" деп те атауға болады. Мысалы, "Даму" қоры әкімдіктермен бірлесе өңірлік 24 жобаны жүзеге асырып жатыр.
Шағын және орта бизнесті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар
Атауы
Бағдарламаның жалпы сомасы
Мерзімі (инвестициялық мақсаттар)
Айналым қаражатын толықтыру мерзімі
Ең жоғары сома
Бизнестің жол картасы-2025
457 млрд теңге
5 жыл
3 жыл
7 млрд теңгеге дейін
БЖК -2025: Шағын және микробизнесті шағын несиелеу
100 млрд теңге
3 жыл
2 жыл
Инвестицияға - 20 млн теңге. Айналым қаражатын толықтыруға - 5 млн теңге
Қарапайым заттар экономикасы
1 трлн теңге
10 жыл
3 жыл
шектеусіз
Бизнесті жеңілдікпен несиелендіру
800 млрд теңге
1 жыл
Ірі бизнестің заңды тұлғалары үшін - 6 млрд теңгеге дейін. ШОБ-тың заңды тұлғалары үшін - 3 млрд теңгеге дейін. ЖК үшін - 50 млн теңгеден артық емес.
Шағын және орта бизнесті қолдау көбіне "Бизнестің жол картасы-2025", "Қарапайым заттар экономикасы" және "Кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу" бағдарламалары арқылы іске асады.
"Былтыр "Бизнестің жол картасы-2025" аясында бизнесті микрокредиттеу бағдарламасы басталды. Осы бағыт шеңберінде айналым қаражатына 5 млн теңгеге дейін және инвестициялық мақсаттарға 20 млн теңгеге дейін несие беріледі. Бұл ретте 5 млн теңгеге дейінгі қарыздардың басым бөлігі соңғы қарыз алушы үшін 6% мөлшерлеме бойынша кепілсіз негізде беріледі. Бұл бағдарламалардың жалпы қоржыны 5 трлн теңгеден асады. Оның ішінде, "БЖК-2025" – 3,7 трлн теңге, "Қарапайым заттар экономикасы" – 637 млрд теңге, "Кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелендіру" – 884 млрд теңге", – делінген қауымдастық хабарламасында.
Мұндай бағдарламалардың көптігі және бірыңғай реестердің болмауы мемлекетке де, бизнес иелеріне де тиімсіз. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "көрсеткіштері мен индикаторлары көп мемлекеттік бағдарламаларды тоқтатып, барлығына түсінікті қысқа ұлттық жоба форматына көшуді тапсырған.