Шетелден көлік сатып аламын деп 7 миллион теңгесінен айырылды
Шетелден көлік сатып аламын деп 7 миллион теңгесінен айырылды
5,153
оқылды

Полицейлер алаяқты ұстады, – деп жазады Polisia.kz.

Биыл 4 маусымда Қаратау АПБ-на жергілікті тұрғын шағымданған. Арызында өзінің танысы үйіне келіп, шетелден DAF маркалы жүк көлігін сатып алып беремін деп сеніміне кіріп, жалпы жеті миллион теңгесін алып кеткенін жазған. Ақшаны осы уақытқа дейін қайтармаған. Полицейлер күдіктіні ұстады. Тергеу басталды.

Шетелден «ет алып келемін» деген танысына 2 миллион теңге беріп, алданып қалған тұрғын туралы жазған болатынбыз.