Қарағанды облысында жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі шешіледі
Қарағанды облысында жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі шешіледі
302
оқылды

Республикалық Жол картасы «Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асыру бойынша 46 нақты индикаторға қол жеткізе отырып, жастар мәселелерін шешу бойынша 100 нақты іс-шараны қамтиды.

Өңірлерде партия филиалдары басшыларының, қала, аудан әкімдерінің, Jas Otan Жастар қанаты филиалдары төрағаларының, жас депутаттар корпусы, жастарды қолдау жөніндегі кеңестер өкілдерінің қатысуымен партияның аумақтық филиалдары Саяси Кеңес Бюросының отырыстарында 18 қалалық және аудандық жол карталары әзірленіп, бекітілді. Облыстық Жол картасы 20 нақты индикаторға қол жеткізе отырып, жастар мәселелерін шешу бойынша 48 іс-шараны қамтиды. Қарағанды облысында, облыс халқының жалпы санының 14-28 жас аралығындағы 266 081 жас немесе 19,3%-ы, оның ішінде қала жастары - 205 696 адам (77,3%), ауыл жастары – 60 385 адам (22,7%). Облыстың 9 жоғары оқу орнында - 43 485 студент, 69 колледжде - 37 765 адам оқиды. Облыс бойынша экономикалық белсенді жастар - 134,8 мың адам, халық арасында жұмыспен қамтылған жастар - 122,7 мың адам, өз бетінше жұмыспен айналысушылар - 6,9 мың адам (2018ж.), ресми тіркелген жұмыссыз жастар - 5,2 мың адам. Облыстық Саяси кеңес Бюросының қатысушыларына Қарағанды облысы бойынша Jas Otan ЖҚ төрағасы Е. Б. Хамитов баяндады. Сондай-ақ отырыста партияның облыстық филиалы Саяси кеңес Бюросының мүшесі, жастарды қолдау жөніндегі облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы, Жас депутаттар корпусының өкілі З. А. Марданова сөз сөйледі. «Бағдарламаны жаңа әдістемесі бойынша жазылғанын атап өткіміз келеді. Республикалық Жол картасын жазу кезінде түрлі саланың мамандары мен сарапшылары тартылды. Белсенділер әрбір жас қазақстандық үшін өзекті 5 жұмыс бағытын анықтады. Бұл – азаматтық бастамаларды жандандыру, білім беру сапасын арттыру, жұмысқа орналастыру, тұрғын үймен және бос уақытты тиімді өткізу. Біздің облыс бойынша 19 Жол картасы әзірленді. Онда оны орындау кезінде нақты индикаторлар көрсетілген, бұл жылдам, серпінді, ең бастысы, жастар үшін қажетті прогреске ықпал етеді. Елбасы, Жастар – біздің болашағымыз, бұл прогрестің қозғаушы күші және бұл ешкімге құпия емес екенін бірнеше рет айтқан болатын. Қарағанды облысы Nur Otan партиясы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы ретінде «Жастар – Отанға!», біздің өңір жастарының дамуы үшін барлық күш-жігерімізді саламыз», – деді.