Орман отау дерегі азайды
Орман отау дерегі азайды
652
оқылды

Еліміздің 90 пайызын далалық аймақ алады десек те, табиғат қазақ жерінАғаш –  табиғаттың тынысы

Әлемде өсімдіктің 400 мың түрі болса, 6 мыңнан астамы Қазақ­станда өседі. Оның 760-тан астам түрі біздің елде өсетін, басқа жерде кездеспейтін эндемик өсімдіктер. Ал 1 500 түрі пайдалы (азықтық, техникалық) өсімдіктер қатарына жатады. 300-ден астамы Қызыл кітапқа енгізілген. Өсімдіктердің геофондысын сақ­тау­­да олардың жабайы түрлерін сақ­таудың да зор маңызы бар. Біздің елімізде өсім­діктің 600-дей жабайы түрі жаңа өсімдіктер түрін жасау үшін пайда­ланылады. Олардың генети­калық негізінде 1 500-ден аса өсім­діктің жаңа сорты шығарылды. «Жердің ландшафтын сақтауда, жер эрозиясын болдырмауда, то­пы­рақтың құрылымын жақса­ртуда орман басты рөл атқарады. Орман­ның көмегімен заттардың био­ло­гиялық айналысы сақталып отыра­ды. Ормандардың фито­­массасыЖер шарының өсімдік массасының 82 пайызын құрады. Орманның пай­­­дасы тек шаңды тұтуда, көмір­тегі газын жұтуда емес, сонымен қатар атмосфераға фитоцидтарды бөлуде. Мысалы, бір гектар мож­жевельник тәулік ішінде 30 келі гектарға дейін фитоцид бөледі», – дейді эколог Әділбек Қозыбақов. Орман – ағаш өнеркәсібін дамытудың, тамақтық, техникалық және дәрігерлік шикізаттың негізгі көзі. Егер бұдан бұрын ағаштан 4-5 мың нәрсенің түрі дайындалса, қазір оның саны 15-20 мыңға дейін жетіп отыр. Республикамызда жыл сайын 506 мың шаршы метр ағаш сүрегі, 94 мың шаршы метр кеспе ағаш мате­­риалдары және 170-тей дәрі-дәр­­­мектік шикізат дайындалады екен. Дегенмен соңғы кезде орман­дардағы ағаштарды жаппай кесу, өрт, ауа райының қолайсыз жағ­дайынан (қатты жел соғу, ұзақ уа­қыт жауған нө­сер жаңбыр) ағаш­тар­дың құлап өз тіршілігін жоюы жиілеп келеді. Бұл орман алқап­та­рының аумағын азайтуда. Ал ор­­­мандарды қалпына келтіру, ор­­ман алқаптарын ұлғайту жұмыс­тары қарқынды қолға алын­­бай отыр. Әйтсе де, елімізде соңғы екі жылда орманнан заңсыз ағаш кесу дерегі азайып отыр.

Жаңа заңнан үміт көп

Биылғы бес айда ішкі істер ор­ган­дары жүргізген іс-шараның нә­­ти­жесінде табиғат қорғау заңна­масын бұзу бойынша барлығы 8 мың­нан астам заңбұзушылық тіркелген. Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне 530 іс тіркелген болса, оның 180-і сотқа жолданған. Қалған іс бойынша тергеу жалға­суда. Аталған мерзімде заңсыз айна­­­­­лымнан 330 текше метр орман ағаштары алынған, оның 95 текше метрі қылқан жапырақты, 155 тек­ше метрі жалпақ жапырақты ағаш­тар және 79 текше метрі сексеуіл. 8 000 заңбұзушылықтың 1 200-ден астамы шөптесін өсімдіктерге қа­тысты жасалған екен. Ол бойынша Қылмыстық кодекстің 340-бабы бойынша 22 қылмыстық іс тіркеліп, олардың 3-еуі сотқа жолданды. Одан бөлек, 1 170-тен астам адам әкімшілік жауапкершілікке тарты­лып, 3 млн теңге көлемінде айып­пұл салынды. «Биыл ағаштар мен шөпті заңсыз шабу бойынша деректер көп емес. Мұны біз 2019 жылы Мем­лекет басшысының біздің ми­нистрліктің ұсыныстарын шұ­ғыл қабылдау жөнінде берген тапсыр­масы аясында табиғат қорғау заң­намасын бұзғаны үшін жазаны қатаңдату бойынша қабылданған түзетулер мен толық­­­­тырулармен бай­ланыстырып отыр­мыз. Ол ұсы­ныстар бойынша салы­­натын айып­пұлдардың сомасы ар­тып, тар­тылатын қоғамдық жұ­мыс­­тардың, бас бостандығынан айыру, шектеу мерзімдері ұзартылып, мү­лік­­­­терін тәркілеу жазасы енгі­зілген болатын. Жаңадан нормалар мен қылмыс құрамы енгізілді. Енді бү­гінде Президенттің тапсыр­масына орай, Экология, геология және табиғи ресурстар ми­­нис­трлігімен бірігіп «Өсімдіктер әлемі туралы» заңды жасап шығардық. Ол Парла­мент Мәжілісінің қа­рауында. Ішкі істер министрлігі жұмыс тобын­да бар. Бұл заң бойын­ша да жауап­­­кершілікті күшейтуді көздеп отыр­мыз», – дейді ІІМ Әкімшілік поли­­ция комитетінің Ерекше тапсыр­­малар жөніндегі аға инспек­торы, полиция полковнигі Айбек Өскем­­баев. Естеріңізде болса, бұл өзгерту­лер мен толықтырулар сол кездегі бра­­коньерлік жағдай қатты ушы­ғып кеткен соң, яғни  табиғат қор­ғау инс­­пекторлары қаза тапқаннан кейін қабылданған болатын. Оның өсімдік браконьерлігіне де әсері тиіп отырғаны қуантады. Аға инс­пектордың айтуынша, енді жұмыс­тарды босаңсытуға болмайды. Мә­селен, 2018 жылға дейін жібек құр­тына қатысты біраз проблема болған. Нақтырақ айтқанда, заңсыз қазу­­­­шылар оны аламыз деп заңмен қор­­­ғалатын шұғылық өсімдігін құртатын еді. Өйткені кардицепс жұқ­тырылған жібек құрты осы өсімдіктің түбіне ұя салады, оны алуға заңмен тыйым салынбайды. Браконьерлер ұсталып қалмау үшін шұғылық шөбінің тамырын қазып, құртты алғаннан кейін, оны қайта­дан көміп егіп қояды. Мұндай жағ­дайда оларды «ізін суытпай» ұстау мүмкін емес, ал өсімдік одан кейін әрі қарай тамыр алып кете алмауы мүмкін. Енді жаңа заң жобасында шұғылық шөбінің өзімен қоса, ол өсетін аумақтан жібек құртын ау­лауға да қылмыстық жауап­кершілік қарастырылмақ. «Мұндай оқиғалар көп ретте Шығыс Қазақстан облысы Катон­қарағай ауданының Ұлттық табиғи паркі және Күршім ауданының Марқакөл мемлекеттік табиғи қоры­­ғының аумақтарында болады. Әсі­­ресе, маусым-тамыз айлары ара­­лығында қатты белең алады. Сол 2018 жылы Марқакөл табиғи қоры­­ғының аумағында шұғылық өсімдігін жойғаны үшін Қыл­мыстық кодекстің 339-бабы бойын­ша 3 қылмыстық іс тіркеліп, 8 адам бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Бұл аталған екі аудан да тәулік бойы қорғаудағы ерекше қорғалатын табиғи аумақ­тарға жатады, әрі Ауыл шаруа­шы­­­лығы министрлігінің қара­мағына кіреді. Бұл тұста кадр мә­селесі де браконьерлікпен күресте көп кедергі болып тұр. Мәселен, аумағы 643 477 гектар Катонқарағай ұлттық паркінің аумағын 356 адам­нан тұратын инс­пектор қор­ғайды. Бұл 2 мың гектарға бір адам деген сөз. Ал осы аумақ кіретін Ка­­тонқарағай аудан­­­дық ПБ Таби­ғатты қорғау полициясы тобы­­ның штаттық саны – 2 адам. Мар­қакөл орман шаруашылығында (87 780 гектар) АШМ-нің инспектор штаты­­ның саны 96 адам, Марқакөл қоры­ғында (102 971 гектар) – 27 адам. Осы ау­мақта Табиғатты қорғау полиция­сының 3-ақ қызметкері қызмет етеді», – дейді полиция полковнигі Айбек Нұрқасұлы. Адам санының аздығына қа­рамастан биыл ШҚО ПД табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 30 де­регін анықтаған. Ағаштарды заң­сыз кесу фактілері бойынша құқық­­бұзушылықтардың басым бөлігі ерекше қорғалатын аумақ­тарда тіркеледі екен. Мәселен, «Се­мей Ор­маны» МОТР-де 7 факт (Бес­қарағай ПБ – 6, Бородулиха ПБ – 1) болса, оның ішінде 2 дерек қыл­мыстық құқықбұзушылыққа жатады. Соның бірі «Морозов фи­лиалына» тиесілі Сосновский ор­ман­шылы­­­ғының №3 квар­­­талында заңсыз ке­сілген қарағай ағаш­та­ры­ның көлемі 64, 542 текше метр­ді құрап, мем­­­­лекетке 4 559 493 теңге залал келді. Істі сот қарап, сот үкі­­мімен күдікті 100 сағатқа қо­ғамдық жұмысқа тартылып, тәркі­ленген қылмыс құралы «ГАЗ-53» жүк автокөлігі және «Штиль» мар­калы бензопила мемлекет кірісіне алын­ды.

Нұрлан ҚОСАЙ