Асанәлі Әшімов полицейлермен кездесті

Асанәлі Әшімов полицейлермен кездесті

Polisia.kz-тің мәліметінше, Қазақстан полициясы күні мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жас полицейлермен кездесу өтті.

Жүздесуге актер, КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов пен қоғам қайраткері, профессор Асылы Осман келді. Қонақтар егемен елдің дамуы, Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері жайында әңгіме-дүкен құрды. Асанәлі Әшімов Полиция департаментінің мұражайына кітап сыйлады.

Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков: «Қонақтарға жас полицейлермен кездескені үшін алғыс айтамыз. Ішкі істер органдарындағы жас буынға руханият, адамгершілік туралы ақыл-кеңес айтқанына ризамыз, – деді.

Бұған дейін боранда ауру балаға көмек көрсеткен полицей туралы жазған болатынбыз.