15 маусымға арналған ауа райы болжамы

15 маусымға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің тек батысы және оңтүстік, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында найзағай, өткінші жаңбыр, бұршақ болжанады. Кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстік, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. Сонымен қатар оңтүстік-батыста тұман болады.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында дауыл, бұршақ күтіледі, кей жерлерде жел 15-20, 23-28 м/с-қа күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз шаңды дауыл, 15-20 м/с екпінде жел болады. Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарында желдің күші – 15-20 м/с. Түркістан облысында жел екпіні 25 м/с-қа күшейеді. Түркістан, Қызылорда облыстарында шаңды дауыл көтеріледі. Батыс Қазақстан, күндіз Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа артады. Батыс