Алдағы күндері жаңбыр жауып, дауыл соғады
Алдағы күндері жаңбыр жауып, дауыл соғады
178
оқылды

Жаңбыр жауып, жел күшейеді.

Оңтүстік циклонының әсерінен алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Орталық пен оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр жауып, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Солтүстік, орталық және шығыста ауа температурасының төмендеуіне скандинавиялық антициклон ықпал етеді. Бұл аймақтарда термометр бағаны түнде 2-10  градус жылы, күндіз – 15-20 градус, оңтүстікте 7-18 градус, күндіз 22-35 градус болады. Батыс бөлігінде ауа температурасы түнде 15-23 градус, күндіз 25-37 градус жылы болады.