Полицей реформасы тағы да формадан басталды
Полицей реформасы тағы да формадан басталды
315
оқылды

Қазақстан Үш жылда не өзгерді?

Биыл Денис Теннің қайғылы қаза­сына 3 жыл толмақ. Нақты реформа туралы да осы оқиғадан соң талап етілген болатын. Сол кезде ІІМ штат­тық бірлік санын оңтай­лан­дырудан бастады. Мың жарымға жуық бас­шылық лауазым мен штаттық бірліктің 11%-ы қысқар­тылды. Осы қысқартудан артыл­ған ақша қызметкерлердің жалақы­сын 20-65% өсіруге мүмкіндік берді. Бірін­ші кезекте патрульдік полиция, жедел-тергеу бөлімшелері, учаскелік инспек­торлар мен ЖОО оқытушы­лары­ның ай­лығы өсті. Жоғары оқу орыны демек­ші осы жылдан бастап ведомстволық білім беру саласы модернизацияланды. 12 оқу орны­нан тек 5-еуі қалды. Ту­рис­тік полиция қызметі ашылды. Поли­цияның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында фронт-кеңсе­лер ашылды. Карантин кезінде жабылып қалған бұл қабылдау бөлмелері таяуда қай­та­дан ашыла бастады. Осылай қар­қынды басталған өзгерістер бұл салада 2020 жылы пандемияға байланысты саябырсып қалған болатын. Енді 2021 жылды ІІМ құқықбұзу­шылы­қтар профилактикасы жылы деп жариялап отыр. Сервистік модельді енгізу үшін учаскелік инспекторлардың жұмысын түбегейлі өзгертіп, «таяқ тастам жердегі полиция» қағидатын қолға алған. Цифр­ландыру  заманының озық үлгі­сіне негіз­делген  Police 102  мо­бильді қосымшасы іске қосылды. Расында да, бұған дейінгі атқарыл­ған істердің қаншалықты нәтижелі болғанын бағалау қиын. Өйткені біз осы үш жылда атқарылған шаралардың тек негізгілерін ғана атап өттік. Ал қандай да бір шара қабылдағанда оның нәтиже беруіне уақыт керек екені белгілі. Сон­дықтан да бұған дейін қолға алынған шаруалардың жемісі енді көрінеді делік. Сонда осыншама ұзақ уақыт жүргізілген реформаның нәтижесі қашан белгілі болмақ? Қалай дегенде де, полиция қызметкерлері жұмысының ең үлкен бағасы халық сенімі десек, осы күнгі ахуалға қарап, ішкі істер саласы халық­тың көңілінен шығып отыр деп айту қиын. Бүгінде «полицияның сервистік моделі» мынадай болуы керек деген нақты түсінік жоқ. Сол себептен де ІІМ бұл модельдің қазақ­стан­дық тұжы рым дамасын жасап шығаруға тырысып жатыр. Өйткені түрлі шетелдік инсти­туционал­ды модельдерді қолмен енгізгенмен, егер ол мәдени, тарихи, экономикалық, институционалдық, нормативтік, саяси, әлеуметтік және демографиялық жағдайларға бейім болмаса, жемісін бермейді. Әзірге біздің елдегі реформа нысаналы форманың жаңа түріне көшумен көрініс тауып отыр. ІІМ түгел поли­цияның киімін алдағы 2 жылдың ішінде ауыстырып бітуді жоспарлапты.

Нұрлан ҚОСАЙ