"Вакцинасы жоқ": БҰҰ жаңа пандемия басталатынын ескертті
"Вакцинасы жоқ": БҰҰ жаңа пандемия басталатынын ескертті
269
оқылды

БҰҰ вакцинасы жоқ жаңа пандемия басталатынын ескертті, - деп хабарлады РИА Новости. БҰҰ баяндамасында айтылғандай, XXI ғасырда ең аз дегенде 1,5 млрд. адам құрғақшылықтан зардап шеккен. Одан келген экономикалық залал көлемі 124 млрд. долларды құрайды. Сарапшылардың пкірінше, залал көлемі бұдан әлдеқайда көп.  
"Құрғақшылық - келесі пандемия болады, оны емдейтін вакцина жоқ.  Таяу бірнеше жылда әлемнің бір бөлігі судың жеткіліксіздігінен зардап шегеді, суға сұраныс артады", - дейді БҰҰ апаттың қаупін төмендету бойынша басқармасы бас хатшылығының арнайы өкілі  Мами Мидзутори.
  Оның айтуынша, адамдар құрғақшылық жағдайында 5 мың жыл өмір сүрген, алайда қазіргі уақытта сол процес қайталануы мүмкін екенін көріп отырмыз.