Қазақстан халық­аралық ауқымдағы спорттық іс-ша­ра­ларды өткізу үшін беделді алаңға ай­­налды – Ақтоты Райымқұлова
Қазақстан  халық­аралық ауқымдағы спорттық іс-ша­ра­ларды өткізу үшін беделді алаңға ай­­налды – Ақтоты Райымқұлова
852
оқылды

Төртжылдықты түйіндер доданың басталуына бір ай қалды. Осы тұста Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызын әңгімеге тартып, ұлттық құраманың дайындығын сұрадық. Одан бөлек, министр спорт са­ласындағы негізгі мәселеге тоқталып, кем-кетікті ашып айтты.

– Тәуелсіздік жылдарында спорт­­тағы жетістіктер ел еңсесін көтергені сөзсіз. Осы жылдар ішінде сіз үшін есте қаларлық эмоция сый­лаған доданы атасаңыз.
– Қазір Қазақстан ірі қо­ғам­дық-саяси, мәдени, сонымен қатар халық­аралық ауқымдағы спорттық іс-ша­ра­ларды өткізу үшін беделді алаңға ай­­налды. Жыл сайын еліміз­­дің аумағында спорт түрлері­­­нен отызға жуық аса маңыз­ды ха­­­­лықа­­ра­лық іс-шаралар өт­кізіледі. Мұ­­­ның барлығы – қуан­тарлық жайт.
Ал тәуелсіздік жылдары өткен жа­рыстардың ең маңыздысы әрі есте қа­ларлық эмоция сыйлаған додалардың ішінде 2011 жылы Алматы мен Астана қалаларында өткен қысқы Азия ойын­­дары мен 2017 жылы Алматы қаласында өткен қысқы Бүкіләлемдік уни­версиада деп ойлаймын.

Қысқы Азия ойындарына Азия құр­лығының 27 елінен 1000-нан астам спортшы қатысып, спорттың 11 түрінен 69 медаль жиынтығы ойнатылды. Ко­мандалық есепте Қазақстанның құрама командасы 32 алтын, 21 күміс, 17 қола ме­даль­ды ұтып алып, бірінші орынды иеленді. Жарыс барысында шорт-тректен, коньки спортынан Азия­ның 12 рекорды белгіленді. Атап айтар болсақ, 3 рекорд шорт трек­тен және 9 рекорд - коньки жа­рысынан. 

Сонымен қатар Алматы қаласы 2017 жылғы қаңтар-ақпан ара­лығында өткен студенттер ара­сында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы қабылдады. Уни­версиада-2017 жарыстарына Әлем­нің 57 елінен 2 000-нан астам спортшы қатысты. Қазақ­стандық студенттік құрама ко­манда құрамында 171 спортшы өнер көрсетті және 57 қатысушы ел арасында рекордтық 36 медаль жеңіп алып (11 алтын, 8 күміс, 17 қола), жалпыкомандалық есеп­те екінші орынды иеленді.

Елімізде 7-ші қысқы Азия ойын­дары мен 28-ші Бүкәлемдік қысқы Универ­­сиада сияқты ірі іс-шараларды өткізу қарсаңында әлем­дік стандарттарға сай келетін ірі спорт ғимараттары («Са­рыарқа» рес­публикалық велотрек, «Ала­тау» шаңғы және биатлон кешені, «Алматы арена», «Халық арена» мұз ай­дындары, «Сұңқар» халық­аралық шаңғы трамплиндер ке­шені) салынды.

– Әңгіменің басын халықаралық жа­рыстардан бастадық. Осы тұста спорт­шыларымыздың допинг да­­уымен ме­далінен айырылып жат­қаны бар. Көп­­шілік «елімізде халық­аралық дәрежеде спортшы құқығын қорғай алатын заңгер жоқтың қасы» деген пікірде. Бұл қан­­шалықты рас?
– Иә, елімізде халықаралық дең­гейдегі тәжірибесі бар спорт саласы заңгер­лерінің қажет­тілігі туындағаны рас. Айта ке­терлігі, Мәдениет және спорт ми­нистр­лігі қазақстандық до­пингке қарсы ұйым­мен, Ұлттық олим­пиадалық комитеті және бар­лық спорт­тық ұйыммен бірлесе спортта допингті қолда­нуды болдыр­мауға бағытталған жұмысты жүйелі түрде жүр­гізеді.

Осыған орай, министрлік допингке қарсы қағидаларды бұз­ғаны үшін тұлға­лардың жауап­кершілігін күшейту мақса­тында заңнамаға тиісті толықтырулар енгізіп, Қазақстанның допингке қарсы қағидаларын қабылдады. Министрлік қазақстандық допингке қарсы ұйыммен бірлесе спортта допингті қолдануды бол­дыр­мауға бағытталған жұмысты жүйелі түрде жүргізеді.

Дегенмен, өкінішке қарай, отан­дық спортшылар арасында допингке қарсы қағидаларды бұзу фактілері анықталған жағдайда спортшылардың қол жеткізген жетістіктерінен айырылған жайт­тар тір­келген болатын. Осындай жағдайда спорт тү­рінен қа­зақстандық, респуб­ли­ка­лық федерация тарапынан спорт­шының құқығын қорғау мақ­сатында шетелдік халықаралық дә­режедегі заңгерлер жалдап, жан-жақты қолдау көрсетеді.
– Мәдениет және спорт ми­нистрі атан­ған шақта жоға­ры­дағыдай даулы мә­селелер кездесті ме? Халықаралық дода­ларды бы­лай қойғанда, ел ішіндегі мәсе­лелерді қалай шешесіз? 
– Елімізде Ұлттық допингке қарсы орталық жұмыс іс­тейді. Ол – спортта допингті бол­ғызбау және онымен күресу, до­пинг-бақылауды ұйымдастыру мақса­тында құрылған мемлекеттік кәсіпорын. Допингке қарсы орта­лық жоспарлы жұ­мыс жүргізеді. Атап айтқанда, бүкіл респуб­­­лика бойынша дәрістер, әңгімелер, семинарлар өткізіледі. 2018 жыл­дан бастап онлайн платформа жұмыс істейді. До­пингке қарсы онлайн курстар өткізіледі. Спорт түрлері бойынша республикалық федерацияларда допингке қарсы күрес жөніндегі үйлес­тірушілер жұмысын атқа­рады.

Сондай-ақ «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңының 44-бабына және Дүниежүзілік допингке қарсы ко­декске сәйкес спортшылар, жаттық­тыру­шылар арасында допингке қарсы білім беру бағдарламалары өткізіледі.

Жоғарыдағы мәселе бойынша, 2019 жылы 24 маусымда Инсбрук қаласында (Швейцария) «Спорт­тық арбитраждық сотта» (CAS) федерацияның өкілдері мен жал­­дамалы швейцариялық адво­кат 9 спортшының атынан мүд­­делерін қорғап, ақтап шықты.  «Спорттық арбитраждық сот­тың» (CAS) шешіміне орай, «Халықаралық биатлонистер ода­ғы» (IBU) 2019 жылы 11 қыркүйекте уақытша шеттетілген 9 спор­т­­­шы­дан барлық айыптарды алып тас­тады. Өзім министр болған уақыттан бері елімізде нақты допинг дауы­мен ұлттық құрама спортшы­ла­рының сынамаларына қатысты дау шыққан жоқ.
– Елдің атын шығарар спорт­шыны бала кезден тәрбиелеу керек. Сол үшін қандай жағдай жасалып жатыр? Ірілі-ұсақты қа­лаларды бы­лай қойғанда, мегаполистерде тұрғын үй алдындағы алаңқайлардың жайы мәз емес. 
– Иә, бұл – негізгі мәселелердің бірі. Дегенмен еліміздің спорт ре­зервін тәр­биелеу үшін ерекше орын балалар-жас­өспірімдер спорт мектептеріне беріле­ді. Бұл - жоғары дәрежелі спортшы­ларды дайындау жүйесінде алғашқы бас­палдақ. Олардың мақсаты – бұқ­аралық спортты дамыту.
Республикада 2020 жылдың қоры­тындысы бойынша, 477 бала­лар мен жасөс­пірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Онда 367 727 бала­ және жасөс­пі­­рім  шұ­­­ғыл­данады. БЖСМ-де ха­­лықаралық дә­режедегі спорт шеберле­рі – 330 спорт­шы, спорт шебері – 2 126 спорт­шы, спорт ше­беріне кандидат 17 357 спорт­шы, 1-раз­рядты са­натта 11 139 спортшы құрайды. Сонымен қатар 188 908 мың бала мен жасөспірімдерді қам­титын 602 - ба­­лалар-жасөс­пірімдер клубы, 119 - ба­лалар-жас­өспірімдер дене шынықтыру клу­б­ы жұмыс істейді.
– Одан кейін аудан мен ауыл-ай­мақтағы спорт секциялары жайын­­да не айтасыз? Әлі күнге ауыл балалары фут­бол, волейбол, шахматтан басқа үйірмені көрмеген.
– Осыған байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағ­дай­дағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында ба­лалардың спорт­тық, шығармашылық әлеуетінің дамуына ерекше назар аудару қажетін атап өтті. Осы тапсыр­­маны орындау үшін кешенді стратегиялық шара қабылданды.

2020 жылғы 30 желтоқсанда «Қа­зақстан Республикасының кейбір заң­намалық актілеріне мә­дениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзге­ріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданып, оны іске асыру аясында алғаш рет балалар мен жасөспірімдерге арналған мем­лекеттік шығармашылық және спорттық тап­сырыс тетігі енгізілді. 8 тиісті норма­тив­тік-құқықтық ак­­­тілер әзірленіп, қа­былданды: жан басына шаққандағы қаржы­ландыру әдістемесі мен қа­ғида­лары, мемлекеттік шығарма­­шылық және спорттық тапсы­рысты орналастыру қағидалары және шығар­­машылық үйір­мелер мен спорт секция­ларының рей­­­тингін айқындау қағидалары.

Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырысты іске асыру 2021 жылғы 1 мамырдан бастап іске қосылды. Қаржы­­ландыру жергілікті бюджет есе­бінен қамтамасыз етілді.
Мемлекеттік тапсырысты ен­гізу 4-17 жас аралығындағы 82 241 бала мен жасөспірімге тегін негізде спортпен және шығармашылықпен айналысуға қо­сымша қатысуды қамтамасыз етеді, оның ішінде үйір­мелермен – 30 172 адам, сек­циялармен – 52 069 адам.

Жоғарыда көрсетілген шараны іске асыру шығармашылық үйір­мелер мен спорт сек­цияларында шұғылдана­тын­дардың санын арт­тыру үшін қолайлы жағдай жа­сайды. Сондай-ақ тиісті инфра­құрылымды және қосымша жұмыс орындарын дамыту бөлігінде биз­нес қоғамдастық пен бейінді ұйымдарды жандандырады. Балалар үйірмелері мен спорт сек­цияларын жан басына қар­жыландыруды іске қосу процесін автоматтандыру мақ­сатында Artsport.edu.kz ақпараттық жүйесі әзірленді. Қазір өңірлерде мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыс қыз­меттерін жеткізу­шілер анықталып, ата-аналарға балалардың секциялар мен үйір­­­мелерге баруы үшін ваучерлер беріледі. Осылайша, бір бала үшін кезектегі ба­ланың заңды өкілінен тек екі өтініш беруге мүмкіндік бар.

– Пандемия деп біраз жарыстың кейінге қалғанын білеміз. Алда жанкүйерлерді қуантарлық додалар күтіп тұр ма?
– 2021 жыл барысында ел ау­мағында отыздан аса халықаралық спорттық жа­рыстар өткізілетін бо­­лады. Оның ішінде Елбасы Н.На­­­­зарбаевтың жүлдесіне қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» респуб­ликалық турнирі (4 шілде, Нұр-Сұлтан қаласы), тректегі велосипед спортынан Азия чем­пионаты (қыркүйек-қазан, Нұр-Сұлтан қаласы), трамплиннен шаңғымен секіруден «Гран-При» FIS әлем кубогінің жазғы кезеңі (қыркүйек, Щучье қаласы), пауэр­лифтингтен Әлем чемпионаты (қазан, Алматы қаласы), мәнерлеп сырғанаудан Denis Ten Memorial ISU халықаралық турнирі (28-31 қазан, Алматы қаласы) бар.
– Жақын күндері Токио Олим­пиа­дасының жалауы желбірейді. Ұлттық құра­ма сақадай-сай ма? Спорт министрі ретінде Олимпиадаға бару жоспарыңызда бар ма?
– Өткен 2020 жылы Дүние­жүзілік ден­саулық сақтау ұйымы коронавирус панде­­­миясы туралы жариялаған сәттен бастап Мәде­­­ниет және спорт министрлігі спорт­­­­шылар мен жат­тықты­­ру­­­шылардың ден­­­сау­­­лығын сақтау үшін инфекцияның пай­­­­­­да болуы мен таралуын болдырмайтын шараларды анықтады. Аталған шаралар аясында спорттық іс-шаралардың өткізілуі және спорт­шылардың жаттығу процесі уа­қытша тоқтатылды.

Әрине, бұл биыл Токиода өте­тін жазғы Олимпиада ойындарына ұлттық құра­маның сапалы даяр­ла­­нуына кері әсе­рін тигізді. Де­генмен қазір ел құрамасының 84 мү­­­шесі Олимпиада ойындарына 27 спорт түрінен 76 жолдамаға ие болды. Ли­цен­­зия­­лық кезең биыл­ғы 1 шіл­­­деде аяқ­талып, жал­­­пы отандық құрама саны белгілі бо­лады.

Төртжылдықтың аса маңызды спорт­тық іс-шарасында өнер көр­сететін ұлттық құрама ко­ман­далары спорт­шыларына қолдау көрсету мақсатында Олимпиада ойындарына бару жоспарда бар. Аталмыш дода ұлттық құраманың әрбір мүшесіне ерекше жауап­кер­шілік артады. Сондықтан Қа­зақ­стан халқының намысын қол­дан бермей, туымызды тек биікте жел­біретуге бар күш-жігерлеріңізді салып, нағыз спорт­­шыға тән қай­сарлық пен шеберлік таныту­ла­рыңызды тілеймін. Барлық қа­зақстан­­­дықты отандық спорт­шылары­мызға қолдау көрсетіп, жан­күйер болуын сұраймын.
Сұхбаттасқан 
Айзат АЙДАРҚЫЗЫ.