«Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев азаматтардың мәселелерін шешу, проблемалар туралы ашық айту және оларды жергілікті жерлерде шешуге қол жеткізу бойынша Nur Otan партиясының жұмысын жандандыруды тапсырды. Көбінесе аймақтардың тез өсуіне байланысты оларға лайықты инфрақұрылым жасалып үлгермейді. Дегенмен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әртүрлі аудандар тұрғындары арасындағы теңсіздікті жою туралы тапсырмасы бар», – деген Бауыржан Байбек тұрғындарға мәселені партиялық бақылауда ұстауға уәде берген болатын.