Таяу күндері Қазақстанда 42 градусқа дейін ыстық болады
Таяу күндері Қазақстанда 42 градусқа дейін ыстық болады
161
оқылды

Күндіз Атырау облысында кей жерлерде 42 градусқа дейін Ақтөбе облысында сынап бағанасы 38 градусты көрсетеді, жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқырап, бұршақ түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады деп болжанып отыр. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында таңертең және күндіз найзағай ойнайды.

Қызылорда облысында желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін барады. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде – найзағай, бұршақ, нөсер жауын. Батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, 15-20 м/с жел күтілуде.

Алматы облысында кей жерлерде найзағай жарқырап, бұршақ түседі. Желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады, түнде және таңертең нөсер жаңбыр жауады. Талдықорғанда түнде және таңертең найзағай ойнайды, желдің екпіні – 15 м/с.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болжануда. Кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында 34-39 градус аптап ыстық болады, төтенше өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай жарқырайды, тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болжануда. Күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ті құрайды. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.