Павлодарда жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам көз жұмды
Павлодарда жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам көз жұмды
159
оқылды

Павлодарда түнгі жол апаты салдарынан екі адам көз жұмды, тағы үшеуі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 маусымда сағат 02.55-те Павлодар қаласындағы Астана және Исиналиев көшелерінің қиылысында Toyota Windom мен Лада Гранта соқтығысты. Жол апаты салдарынан Лада Гранта көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы сол жерде қаза болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, қаза болғандар – елордалық 36 жастағы әйел мен Павлодар облысында тұрған 31 жастағы ер адам. Жарақат алған 23 жастағы екі әйел және 25 жастағы ер адам Павлодардың №1 қалалық ауруханасына жеткізілді. Барлығы –  Павлодар тұрғыны. Әйелдердің бірі комада жатыр. Полицияның мәліметінше, көліктер айып тұрағына қойылды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап кінәлі адамды бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады.