17 жастағы футболшы жасыл алаңда көз жұмды
17 жастағы футболшы жасыл алаңда көз жұмды
222
оқылды
Мәскеудің "Вернадка Парк" стадионында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Vesti.kz. Әуесқойлар футбол лигасының "Оңтүстік-Батыс" аймағында өнер көрсететін "Браавос" командасының ойыншысы кездесу басталысымен өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Әуесқойлар арасындағы турнир болғандықтан стадион маңында жедел жәрдем қызметі болмаған. Нәтижесінде 17 жастағы Максим Добровольскийге алғашқы медициналық көмек 15 минуттан кейін көрсетілді. Алайда, бәрі кеш. Әуесқой футбол лигасының президенті Дмитрий Смирновтың мәлімдеуінше, ойыншы аталмыш лигада ресми тіркелмеген. Кейін анықталғандай, командадағы ойыншылардың бірі футболшы жетіспегендіктен досын шақырған екен. Өкінішке қарай, соңғы уақытта осындай оқыс оқиғалар футболда жиілеп барады. Еске салсақ, Еуро-2020 турнирінде Дания мен Финляндия кездесуінің бірінші таймында Кристиан Эриксен есінен танып қалған еді. Алайда "Интер" жартылай қорғаушысына аз уақыттың ішінде медициналық көмек көрсетілген болатын.