Қос мұнаралы Сауранда домбыра үні күмбірледі
Қос мұнаралы Сауранда домбыра үні күмбірледі
503
оқылды

Бір кездері қазақ хандығының астанасы болған, сан ғасырлар сырын бауырына бүккен Сауран қалашығында 30 астам күйші күй тартты. Атап айтсақ, Ұлттық домбыра күнінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен Түркістан облысының құрылғанына үш жыл толуына орай «Домбыра үнімен бой көтерген жаңа Сауран» атты күйшілер флешмобы өтті.

домбыра Қазақ үшін қасиетті мекен болып есептелетін көне шаһарда өткен шараның басты мақсаты – қазақтың күйі арқылы тарихы терең, талай ғасыр бойы сырын ішіне сақтаған Сауран қалашығының жаңа таңы атқанын, енді ғана құрылған Сауран ауданының жаңа дәуірі басталғанын насихаттау. домбыра Яғни жаңа құрылған ауданның тіршілігіне рухани демеу болу. домбыра ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған, әйгілі ортағасырлық қалалардың бірі – Сауран қалашығында өткен шарада отыздан астам күйші арайлап атқан таңмен таласа ұлттық аспап – домбырамен қазақ халық күйлерін бір уақытта орындап, ұлттық аспаптың асқақ үнін аспанға шарықтатты. домбыраСауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен домбыраны ұлықтау шарасында өнерпаздар тобы Түркештің «Көңіл ашарын», Құрманғазының «Балбырауынын», Динаның «Науысқы» күйлерін орындады. домбыра Ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ — қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» дегеніндей, флешмоб барысында келушілерге ұлттық тағамдар ұсынылып, домбыраның киесі мен қасиеті туралы толғамды ойлар айтылды. домбыра Атап өтейік, 2018 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық домбыра күні туралы Жарлыққа қол қойып, шілденің бірінші жексенбісі елімізде Ұлттық домбыра күні деп белгіленген. домбыра Тельман БЕЙСЕНОВ