Ертеңнен бастап Алматыда тұрғын үй сертификатын алуға өтінім қабылдау басталады
Ертеңнен бастап Алматыда тұрғын үй сертификатын алуға өтінім қабылдау басталады
263
оқылды

Бұл туралы қалалық Қажетті құжат тізімі мыналар:

– нысан бойынша өтініш; – өтініш беруші мен отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат; – соңғы 6 айдағы табысы туралы анықтама; – жұмыс орнынан анықтама; – Банктен тұрғын үй заемын беруді мақұлдаған хат.

Тұрғын үй сертификаты тұрғын үй заемын беруге мақұлдау алған әрі табысы бойынша талапқа сәйкес келетін азаматтарға беріледі. Соңғы жарты жылдағы табысы отбасының әрбір мүшесіне айына 106 336 теңгеден аспауы тиіс.

Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы әкімдіктің тұрғын үй сертификатының мақұлданған сомасын «Отбасы банктегі» кезекте тұрғандардың жинақ шотына аударады. Банк сома түскеннен кейін сертификат иесімен қарыз шартын немесе ипотекалық шарт жасайды. Тұрғын үй сертификатының сомасын аударудың максималды уақыты мақұлдау хабарламасын алғаннан кейін 5 жұмыс күні белгілі болады.

Тұрғын үй саясаты басқармасының мәліметінше, қалада 9 313 азамат баспанаға мұқтаж. Олардың ішінде І мен ІІ топтағы 2 758 мүгедек, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы санатына жататын 1 462 адам, 1 890 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 3 203 көпбалалы отбасы бар.