Каспийдегі жарылыстың себебі белгілі болды
Каспийдегі жарылыстың себебі белгілі болды
273
оқылды

Әзербайжан Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше,

«Бүгін таңертең елдің ТЖМ әуе жасағының тікұшағы барлау үшін ұшты. Сальян ауданы бағытына қарай жағалаудан шамамен 30 шақырым жердегі тасты аралда лайлы жанартаудың атқылағанын анықтады. Қазіргі кезде жанартау кратерінде толық сөнбеген өрт ошағы бар. Жанартау теңіздегі мұнай-газ инфрақұрылымы мен басқа нысандар, сондай-ақ адам өміріне қауіп төндіріп тұрған жоқ» делінген Әзербайжан таратқан хабарламада.

Теңіздегі өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына SOCAR (Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниялары) қызметкерлері аттанды.

Бұған дейін Каспийде жарылыс болып, оны Ақтау тұрғындары байқағанын жазған болатынбыз.