Өнер мен мәдениет саласындағы Мемлекеттік стипендияны 75 адам алды
Өнер мен мәдениет саласындағы Мемлекеттік стипендияны 75 адам алды
Фото: kazinform.kz
438
оқылды
Қырымбек Көшербаев мәдениет саласы бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2019 жылғы мемлекеттік стипендиясын табыстады, – деп жазады «ҚазАқпарат». Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша белгілі мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2019 жылғы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын табыс етті. Мемлекеттік стипендия Қазақстанның әдебиет пен өнер саласындағы 75 қайраткеріне берілді. Жыл сайын тағайындалатын бұл стипендия – мемлекеттің мәдениет және өнер қайраткерлеріне, шығармашылық қызметкерлеріне, жас дарындарға жасаған қолдауы мен қамқорлығының айғағы, сондай-ақ, олардың Қазақстанның мәдениетін өркендетіп, әлемге танытуға қосқан үлестеріне көрсетілген құрмет.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының стипендиясы Әбдіжәміл Нұрпейісов, Қайрат Байбосынов, Жүрсін Ерманов, Меруерт Өтекешева, Александр Гаркавец, Гульвира Разиева және басқа да қазақ әдебиеті мен өнерінің майталмандарына табысталды.
Сонымен қатар Канн халықаралық фестивалінің лауреаты Самал Есләмоваға, актриса Айнұр Рахипова, балет әртісі Бақтияр Адамжан, ақын Қанат Омаров, дәстүрлі музыка өнерінің орындаушысы Медығат Манапов, кино режиссері Фархат Шәріпов және өзге де жас дарындарға мемлекеттік қолдау көрсетілді.