Ертең ауа райы қандай болады?
Ертең ауа райы қандай болады?
Фото: twitter.com
193
оқылды

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, солтүстік-батыс және солтүстікте нөсер жаңбыр жауады.

Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғып, жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. Ақмола, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, түнде Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Қостанай облысында екпіні 25 м/с жетеді. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерде найзағай ойнайды. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз кей жерлерде дауыл тұрады, бұршақ жауады. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, жел 15-25 м/с дейін күшейеді. Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында аптап, кей жерлерде өте қатты ыстық болады, Қызылорда облысының басым бөлігінде күн қатты ысиды. Күндіз Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады. Нұр-Сұлтанда сынап бағанасы күндіз +24 ... + 26°C, түнде +13 .. + 15°C көрсетеді. Күндіз жаңбыр жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с. Алматыда күн ыстық болады: күндіз ауа температурасы +36 .. + 38°C дейін көтеріледі, түнде сынап бағанасы +23 .. + 25°C көрсетеді. Шымкентте синоптиктер көшпелі бұлт шығады деп болжайды, күндіз +40 .. + 42°C дейін ыстық, түнде +23 .. + 25°C жылы болады.